Top 10 similar words or synonyms for жәбірәйіл

рукуъге    0.840970

хыдыр    0.837300

прокридаға    0.836419

ақындай    0.835605

ботадай    0.834037

демеймін    0.828943

шалын    0.824463

бекболаттың    0.819751

оқылмайды    0.814233

жолама    0.813619

Top 30 analogous words or synonyms for жәбірәйіл

Article Example
Сира Өзіне пайғамбарлық келместен бұрын Мұхаммед (с.ғ.с.) Мекке сыртындағы таудың Хира атты үңгірінде Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың ғибадатымен жұрттан жырақ, оңаша Аллаһ тағалаға құлшылық жасайтын. Қырыққа толған шағында сол әдетімен үңгірде ғибадат етіп жатқанда оған (с.ғ.с.) Жәбірәйіл (ғ.с.) келіп: «Оқы!» - деп бұйырады. Ол (с.ғ.с.): «Мен оқи алмаймын», - дейді. Сонда Жәбірәйіл (ғ.с.) Оны (с.ғ.с.) қатты қысып, босатып жібереді де: «Оқы!» - дейді. Мұхаммед (с.ғ.с.): «Мен оқи алмаймын», - дейді. Жәбірәйіл (ғ.с.) оны тағы да қысып: «Оқы!» - деп әмір етеді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мен оқи алмаймын», - деп қайталайды. Сонда Жәбірәйіл (ғ.с.): «Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың сенің ардақты! Ол қаламмен үйреткен» («Алақ» сүресі, 1-4-аяттар), - деп Құраннан алғашқы аяттарды уаһи етеді. Содан кейін (ғ.с.): «Уа, Мұхаммед(с.ғ.с.)! Расында, сен АллаҺтың Елшісісің(с.ғ.с.)!» - деді де көзден ғайып болды. Бұл оқиғадан қатты қорыққан Пайғамбар (с.ғ.с.) үйіне келіп жұбайы Хадишаға (р.а.) болған жәйтты толық айтып береді.
Сира Уарақа ибн Нуфил ибн Әсәд ибн Абдулузза Хадишаның (р.а.) әкесімен туысқан ағасы еді. Хадиша (р.а.) Пайғамбарды (с.ғ.с.) оған ертіп барып, болған оқиғаның сырын сұрайды. Уарақа өз заманының оқымыстысы әрі тақуа болатын. «Мұхаммедтің көргені Мұса (с.ғ.) пайғамбарға түскен Намус (Жәбірәйіл (ғ.с.) періште» ), - деп, оған пайғамбарлық келгенін хабарлайды. Ол: «Кәрі қойдың жасындай жасым қалды. Ондай бақытты күндерді, сірә көре, алмаспын»,­ деп қатты өкінеді.
Сира "Исра" сөзі "түнгі сапар", "миғраж" «жоғары көтерілу» деген мағынаны білдіреді. Мәдина қаласына қоныс аударудан бір жарым жылдай бұрын бір түні Пайғамбарға (с.ғ.с.) Жәбірәйіл (ғ.с.) періште келеді. Оның қасында тек пайғамбарлар ғана мінетін Бурақ (қазақтың «пырақ» сөзі осыдан шыққан) атты жүйрік жануар бар екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) Жәбірәйілдің (ғ.с.) айтуымен осы жануарға мініп Бәйтул-Мақлиске (Иерусалим шаһарына) бір сәттте-ақ жетіп барады. Әл-Ақса мешітінде оны басқа пайғамбарлар күтіп отыр екен. Пайғамбар (с.ғ.с.) оларға имамдық етіп, бірге намаз оқиды. Бұл Оның (с.ғ.с.) басқа пайғамбарлардан артықшылығына дәлел. Сосын Жәбірәйіл (ғ.с.) періштемен бірге көкке көтеріледі. Аспанның бірінші қабатында Адам (ғ.с.) пайғамбармен кездеседі. Екінші қабатта Иса (ғ.с.) және Жақия (ғ.с.) пайғамбарлармен жолығады. Үшінші қабатта Жүсіп (ғ.с.) пайғамбарды көреді. Төртінші қабатта Ыдырыс (ғ.с.) пайғамбарды көрсе, бесіншісіндн Һарун (ғ.с.) пайғамбарға жолығады. Одан кейін Мұса (ғ.с.) пайғамбарды кездестіреді. Жетінші қабатқа көтерілгенде Меккедегі Бәйтулла-Қағбаның дәл үстінде орналасқан Бәйтул-Мағмурды, оған қажылық жасап жатқан сан мыңдаған періштелерді көреді. Сосын әлемдердің шегі - Сидратул-Мунтаһаға барады. Осы жерде Жәбірәйіл (ғ.с.) тоқтап, Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Енді алға жүрсең өтесің, ал мен жүрсем күйіп кетемін», - деп осы жерде қалатындығын айтады. Пайғамбар (с.ғ.с.) одан әрі ешбір жаратылыс иесі басып көрмеген орынға жалғыз өзі барып, Раббысымен сөйлеседі. Аллаһ тағала осында намазды бес уақыт намазды парыз етеді.