Top 10 similar words or synonyms for бинглидің

розмари    0.844619

лип    0.844005

клэридің    0.841982

сирина    0.838143

крэнстон    0.837061

дженифер    0.835156

лайза    0.832765

бибб    0.831428

бриттон    0.828865

бегум    0.828245

Top 30 analogous words or synonyms for бинглидің

Article Example
Тәкаппарлық пен жаңылыс Кейін мистер Бинглидің әпкелері мисс Бингли және миссис Херст Джейнді түскі асқа шақырады. Бұған шексіз қуанған миссис Беннеттің төбесі көкке жетеді. Ол қызын нөсер жаңбыр астында салт атпен жібереді. Бұл жағдайдан соң Джейн қатты ауырып, үйіне қайта алмайды. Әбден қиналған Джейн өзінің сырлас құрбысындай болған сіңілісі Элизабетке хат жазып, оны Незерфильдке шақырады. Элизабет ауру әпкесі үшін мистер Бинглидің үйіне жаяулатып жетеді. Мистер Бингли Элизабетті әпкесіне қарайласу үшін жанында оңаша қалдырады. Элизабет незерфильдік тұрғындарды жақтырмайды. Әпкесіне шын жаны ашып, қамқор болып жүрген тек мистер Бингли болатын. Ал, оның әпкелері мисс Бингли мен миссис Херсттің Джейннің жағдайы жөнінде шаруалары жоқ еді.
Тәкаппарлық пен жаңылыс Осылайша күндер өтіп жатады. Кезекті незерфильдік балда мистер Дарси жақын досы мистер Бинглидің Джейнді қатты сүйетінін байқайды. Жиындарда Беннеттер отбасы сыпайылық пен мәдениеттіліктерін көрсете алмайды. Әрине, бұл қатарға Джейн мен Элизабет кірмейтін еді. Бір күні Беннеттер отбасына мистер Коллинз атты туыстары келеді. Оның бар ойы — Беннеттер отбасынан бір қызға үйлену еді. Осылайша, ол Элизабет Беннетке ұсыныс жасайды. Алайда, ол ұсынысты қабыл алмайды. Бұған миссис Беннет ашуланып, қызына қатты ренжиді. Сонан соң, мистер Коллинз көп ұзамай Элизабеттің жақын досы әрі көршісі Шарлотта Лукасқа ұсыныс білдіреді. Шарлотта бұл ұсынысқа бірден келісе кетіп, екеуі үйленеді. Бұл уақыттарда незерфильдік тұрғындар белгісіз себеппен Лондонға көшіп кеткен еді. Ал олардың қайтып келу, келмеуін ешкім білмеді. Джейн болған жайтқа қатты қайғырып, күйзеліске ұшырайды. Элизабеттің ойынша, бұл мисс Бингли мен мистер Дарсидің Джейн мен Бинглиді айыруға бағытталған іс--әрекеттері еді.
Тәкаппарлық пен жаңылыс Олардың кезекті кездесуі незерфильдік балда орын алады. Бұл балға мистер Бингли өзінің әпкелері мисс Бингли және миссис Херстпен бірге келеді. Сонымен қатар, оның досы мистер Дарси да бұл балда болады. Жалақысы жөніндегі гуілдеген өсек-аяндардың арқасында мистер Дарси айналасындағыларға жақсы әсер қалдырады. Алайда, кейін мистер Дарсиды тым тәкаппар, менменшіл деп танған жұрт, өз ойларын өзгерте бастайды. Ешкіммен танысуға да құлқы жоқ, айналасындағы сұлу қыздарға да назар аударып, биге шақырмайды деген пікірлер қалыптаса бастайды. Ал мистер Бинглидің айы оңынан туады. Оның Беннеттер отбасының үлкен қызы Джейнге көзі түседі. Джейннің де оған көңілі ауып, ғашық болады. Мистер Бингли Дарсидің назарын Беннеттер отбасының екінші қызы Элизабетке аудартпақшы болады. Алайда, мистер Дарси оған оның ұнамайтынын әрі талғамына сай келмейтінін жеткізеді. Олардың жақын отырып, бұл әңгімелердің куәсі болған Элизабет ішінен мистер Дарсиді жек көріп, ұнатпай отырады. Сонымен қатар, мистер Дарси жайлы теріс пікір қалыптастырады.