Top 10 similar words or synonyms for аманаттайды

көкесінің    0.800362

мұхаммадтың    0.791344

рахманның    0.780246

хадижа    0.767618

бегум    0.767348

үйретуімен    0.764217

минада    0.752013

сәбден    0.746719

хосокава    0.746512

құдайменді    0.745459

Top 30 analogous words or synonyms for аманаттайды

Article Example
Роберт Гордон Университеті 1720 жылы Польшадағы керемет жетістіктерден соң Роберт Гордон Абердинге демалысқа шағады. 11 жылдан соң, дүниеден өтер алдында бар қаражатына ер балаларға арналған мектеп салуды аманаттайды.
Бижігіт Бұзауұлы 1796 жылы өмірден өтіп, көз жұмарда өзінің сүйегін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерлеуді аманаттайды. Бижігіттің ұрпақтары әкесі Бұзау батырдың жанына арулап қояды.
Қос Қарағай Ордадан Қауран аулына барар жолдың жиегінде өскен екі ағаш. Бұл қарағайларды 1941 жылы қазан айында Мешітқұм ауылының бір топ жігіттері майданға аттанар алдында, әскери жаттығу кезіндегі үзіліс сәтінде еккен. Сол жігіттердің бірі — Ғалым қарағай көшеттерін отырғызып жатқанда қасына келген «Жаңаталап» бастауыш мектебінің 10 жасар оқушысы Кәкенге күтіпбаптауды аманаттайды. Кәкен сол ағалар аманатын орындайды. Бірақ майданға аттанған Ғалым да, басқалары да оны көре алмады, қаза тапты. Ал олардан қалған белгі — қос қарағай елі өсіп тұр.
Ораза 1) Рамазан мен айт мейрамы. «Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (Құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасалы. Мезғілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ солбір жүректері Рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған айт күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін аштың келуі біз үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан таңдай жан-сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесімен қытықтал, көкжиектен көрінеді. Рамазанмен ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илаһи шарапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең тылсым-сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы мен сиқырына малтып, уақытша болса да, рамазаннан айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнінің мейрамын бірге тартады.
Құныскерей Қожахметұлы Тегі — 12 ата байұлына жататын ысық руының Қадырғүл тармағындағы Тоғызбай атасынан. Ескіше оқып, хат таныған. Қазан революциянан кейін Батыс Қазақстан аймағындағы әлеуметік-саяси уақиғаларға белсене қатысқан. Әсіресе Ж. Досмухамедовпен, Қуанай хазірет Қосдәулетовпен, т.б. аралас-құралас болған. Кейін Құныскерей Кеңесі өкіметі жағына шығып, Қызылқоға өңіріндегі 30-ыншы а-нда жергілікгі кеңес терағасы (ауылнай) болған. Оның большевиктер тарапынан қуғындалып, «банды» атануының себебін ел аузындағы әңгімелер әр қилы түсіндіреді. Солардың бірінде үйінде отырған қонақты (кей деректе — құдасы, атақты әншікомпозитор, ақын Ерғали Аязбайүлы, кей деректе — кеңес екіметіне бағынбай, қашып жүрген Нұрым, Ерім, жұқа Ерғалиды) ұстап беруден бас тартып, ауданыдық милиция мен болыстық атқару комеитеттінің бастығымен кикілжіңге келеді. Сондай-ақ өзге куәгерлердің айтуынша, Құныскерей жергілікгі кеңес органдарының халыққа шектен тыс салық салып, қанаған асырасілтеушілік әрекеттеріне қарсы шығып, наразылық білдірген. Құралайды көзге атқан мергендігімен, ат жаратып, тазы баптаған сейіскерлігімен, жаурыны жер иіскемеген палуандығымен даңқы шыққан Құныскерей бой тасалап, қашып жүргенде де елге сыйлы болған; жергілікті тұрғындар оны қуғыншылардан сырттай қорып, ізін жасырып отырған. Бірақ әбден өшіккен «қызыл белсенділер» соңынан қалмай, оны қылмыскер, баскесер етіп көрсетуге тырысады. Оған Тайсойған құмына тығылған Бекен-Таңбай, Жадыражай, Жамал, Дәмеш, Ерім, жұқа Ерғали, т.б. қашқындардың Құныскерейдің атын жамылған, қарақшылық әрекетгері де себеп болған тәрізді. Ақыры, 1930 жылы шілде айында қуғыншылар отряды Құныскерейдің иесіз қыстауын өртеп, әкесін — Қожахмет қартты атып өлтіреді. Ол жазықсыз қарияны оққа жыққан жауларын - милиңиялар отрядын жалғыз өзі қапияда тұтқындаған, кегін қайтарады. Көп ұзамай жергілікті билік органдары әйелі мен бала-шағасын тұтқындаған соң Құныскерей ағайын-туысқа кесірін тигізбеуді ойлап, Қаратөбе жері арқылы Башқұртстанға асады. Уфа қаласы маңындағы теміржолда жұмыс істеп жүріп, башкүрт қызы Марияға үйленеді. Бірақ қуғыншылар құрығы башқұрт жеріне де жетіп, қара басына қауіп тенген соң 1933 жылы әйелімен Қарақалпақстанға, 1935 жылы Түркіменстанның Мары облысындағы «Сараджа» ұжымшарына ауады. Ол жақта аты-жөнін өзгертіп, «ӘбілқайырЕлемес Жаманов» атанады. Мариямнан Шолпан (1937 жылы туған), Айман (1943 жылы туған) атты екі қызы дүниеге келеді. Жастайынан еңбеккер, алғыр Құныскерей «Елемес Жаманов» деген атпен ұсталықтан бастап ұжымшар басқармасы төрағасы, кейін кеңшар директорының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. 1955 жылы зейнет демалысына шығып, 1968 жылы 28 қаңтаарда дүниеден озған. Кез жұмар алдында қыздарына құпия тағдырын, шын тарихын ашып, туған жері — Тайсойғанға барып, ағайын-туыстарын тауып алуға аманаттайды. Құныскерейдің бел баласы Айтмүқан қазір Атырау облысының Дендер ауылында тұрады. Алғашқы әйелі Әсем Досқалиқызы (1906-1988) кезінде көп қуғын көріп, балаларын таба алмай, Атырау облысының Ескене ауылында қайтыс болған. Бел немере інісі Селімгерей 1930 жылы Ақтөбе түрмесінде атылған, үш атадан қосылатын бір туысы — Хамидолла Орынбайұлы (Тапаев) Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы бұр. «Қызыл ту» кеңшарында еңбек етгі. Құныскерей туралы аңыз еңгімелер көп.